jasqazaq.kz

ОҚО-да той кезінде мақтанып аспанға оқ атқан жастар екі әйелді жаралап алды

17 тамыз 2017, 11:03

Оқиға 15 тамыз күні кешке Сайрам ауданында орын алған. Тойға келген жас жігіттер көпшіліктің назарын өздеріне аудару үшін аспанға оқ атып, қисық ұшқан бытыра алдымен көлікке, кейін екі бірдей әйелге тиіпті. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Жараланғандардың үлкен 65 жастағы зейнеткер әйел болса, екіншісі 21 жастан енді асқан жас келіншек. Олар Ақсукент елдімекенінің ауруханасына жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек алғаннан кейін үйлеріне қайтарылған.

Ал, Сайрам АІІБ-ның қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында үш күдіктіні құрықтады. Олар 1992, 1993 және 1996 ж.т. ОҚО тұрғындары, екеуі бұрын сотты болған. Тәртіп сақшылары күдіктілердің бірінің үйін тінту барысында 12 калибрлі аңшылық шолақ мылтығын, екі травматикалық тапанша және әр түрлі калибрдегі оқтар тәркіленді. Ал, екінші күдіктіден «Мерседес» автокөлігінің ішінен айғақты зат ретінде 16 калибрлі аңшылық шолақ мылтығын және гильза тәркілеген.

Аталған жайт Сайрам АІІБ-мен ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» және 287-бабы 1-бөлігімен «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

sn.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда