jasqazaq.kz

ОҚО-да шопан екі ай бұрын суға кеткен ер адамның денесін тапты

08 маусым 2017, 11:20

Екі айға созылған сүңгір-іздеу жұмыстардан кейін Арыс өзенінде 25 жастағы ер адамның денесін шопан тапты.

10 сәуір күні кешке 112 пультіне Отырар ауданда Арыс өзеніне 1992 жылы туған ер адам батып кетті деген хабарлама түсті. 11 сәуір күні таңертең бес құтқарушы оқиға орнына жетті. Іздестіру 7-12 метр тереңдікте ештеңе көрінбейтін жағдайда жүргізілді. Сүңгірлер мотор қайығымен өзеннің он шақырымға жуық аумағын шолып шықты. Талаптарға сәйкес, іздестіру жұмыстары он күн жүргізіліп, нәтиже бермеген соң тоқтатылған. Суға кеткен ер адамның туыстарының қайта-қайта жасаған өтініштері бойынша сүңгір-құтқару жұмыстары екі рет қайта жүргізілген: 22 сәуірден 15 мамырға дейін және маусымның 5-6-ларында. Жалпы алғанда суда болу уақыты төрт сағаттан асқан. Оның барысында өзен түбінің 100 шаршы метрден астам аумағы зерттелді. 6 маусым күні таңертең жергілікті шопан құтқарушыларға ер адамның денесін Арыс өзенінде оқиға орнынан 35 шақырым жерде көргенін хабарлады, Хабарлама түскеннен кейін он минут өткен соң ер адамның денесі табылып, сыртқа шығарылды.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда