Оңтүстік Қазақстан облысында пара алған екі шенеунік әшкереленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап.
«23 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай мен облыстың тексеру комиссиясының бас аудиторы Б.Құдияровтың 7 миллион теңге көлемінде пара алғанын әшкереленді. ОҚО тексеру комиссиясының төрағасы С.Шалабай Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал Б.Құдияров қылмысын толықтай мойындауына байланысты қамалған жоқ», — деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.