jasqazaq.kz

ОҚО-да оқушылары хиджаб киетін мектептен тағы да шу шықты (видео)

20 маусым 2017, 11:05

ОҚО-да оқушы қыздары кілең хиджаб киетін А.Фердауси мектебінде 9 сынып бітірген 18 оқушының аттестатына жалған баға қойылған. Бұл туралы білім ұясының басшылық қызметіне қайта тағайындалған директор Жанар Мамырова мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ сайты.

Оқушы қыздары хиджаб киіп сабаққа баратын Мақтарал ауданындағы А.Фердауси мектебінен шу басылар емес. Бұл жолы жалған бағаға қатысты мәселе көтеріліп отыр. Әлеуметтік желі қолданушысы Айгүл Орынбек білім ұясының басшылық қызметіне қайта тағайындалған Жанар Мамырованың жан-айқайы туралы видеоны жария етті.

Директордың сөзінше, жаңа қызметке отырған ол бұрынғы басшыдан қажетті құжаттарды қабылдап алған. Оларды мұқият тексеру барысында біраз олқылықтың беті ашылыпты. Яғни, негізгі мектеп туралы куәліктерді есепке алу және олардың берілуін тіркеу кітабы мен аттестатта жазылған бағалар сәйкес болмай шыққан. Ең сорақысы, 18 оқушының куәлігіндегі баға өзгертілген, басым көпшілігінде көтермеленіп қойылған.

«Мақтарал ауданының білім бөлім басшысы Лесхан Қойылыбаев мырза директорларды қабылдамай жатқан соң, ол кісілер маған шығуға мəжбүр болып жатыр. Өйткені мектептегі заңсыздықтармен күресудің орнына бас араздығын бірінші орынға қойған басшы біраз директорларды сергелдеңге салуда. Жанар Мамырова ханым жақында ғана сотта жеңіп шығып, өз орнына отырған болатын. Мектеп куəліктеріндегі бағалары журналда қойылған бағалармен сəйкес емес. Жанар ханымның заңгері болған соң, акт толтырып видеоға түсіріп жіберуін айттым», — деп жазды желі қолданушысы әрі заңгер.

Бұл жазбадан соң аудандық білім бөлімінің басшысы Лесхан Қойлыбаев мырзаға хабарластық. Басшы аттестатқа қатысты шудың шыққанынан хабарсыз екенін айтты. Ал Жанар Мамырова ханымның өзінің қабылдауына келгенін растады.

«Аттестаттағы бағаға қатысты мен білмейді екенмін. Бірақ директордық қабылдауыма келгені рас. Мен өзім кетіп бара жатқандықтан оны оқу ісі жөніндегі орынбасарыма барсын дегенмін. Одан кейінгі жағдайдан хабарсызбын, Шымкентке кетіп қалдым», — деді аудандық білім бөлімінің басшысы.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда