jasqazaq.kz

ОҚО-да ұлттық тәрбиеге үлес қосатын анимациялық фильмдер жарық көрді (видео)

07 тамыз 2017, 12:23

Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық тәрбиеге үлес қосатын анимациялық фильмдер жарық көрді. Отырар ауданы әкімдігінің бастамасымен қолға алынған бастама Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде жүзеге асырылуда.

Отырар ауданы әкімдігі жергілікті «САҚ» киностудиясымен бірлесіп, екі анимациялық фильмді түсіруді қолға алды. «Көне құмыраның сыры» атты мультфильмді және Мұхтар Шахановтың «Отырар дастанын» анимациялық нұсқасын жасап шығарды. Алғашқы фильмде Әжірән мен Аружан сияқты кейіпкерлер арқылы көне Отырарға қатысты тарих баяндалады. Ал, «Отырар дастаны» да көне Отырардың күйеуіне қатысты оқиғаны бейнелеген. «Бұл фильмдер ел ертеңі — жастарымыздың туған жері мен ел тарихын танып білуіне зор ықпал жасайтыны сөзсіз. Сондықтан тәрбиелік мәні биік осындай туындылар «Балапан» және тағы басқа телеарналардан көрсетіліп жатса болашақ ұрпақ тәрбиесіне септігін тигізер еді», — дейді Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов. Қазір тапсырыс беруші Отырар ауданының әкімдігі қос бірдей мультфильмді көпшіліктің назарына ұсыну үшін «Қазақстан» ұлттық телеарнасы басшылығына шығып, «Балапан» арнасынан» көрсету жөнінде ұсыныс жолдапты.

 

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда