jasqazaq.kz

ОҚО-да экс-депутат миллион доллар бопсалаған

21 тамыз 2017, 16:28

ОҚО-да бұрынғы депутат ақша бопсалағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиевқа сілтеме жасап.

Аудандық мәслихаттың экс-депутаты Бақытжан Аймырза 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Экс-депутат аса ірі көлемде ақша бопсалағаны үшін айыпты деп танылды. «Баха-баха» лақап есімді кәсіпкер танысынан өзінің атына темірбетон зауытын жаздыртып, одан миллион доллар ақша беруін талап еткен. Ер адам биыл мамыр айында өз үйінде ақшаның бірінші бөлігін алып жатқан жерінен ұсталған болатын. Сондай-ақ, соттағылар экс-депутаттың мүлкі тәркіленетінін айтты. Бақытжан Аймырза Сайрам аудандық телеарнасын басқарған және оның бірнеше мейрамханасы бар.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда