jasqazaq.kz

ОҚО-да алаяқтыққа күдікті полицей ұсталды

09 маусым 2017, 11:39

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін полицейді ұстады.

Арыс ауданының тұрғыны полицейлердің қиыршық тасты өз бетінше пайдаланғаны үшін 300 мың теңге талап етіп отыр деп арызданған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде Арыстың 1980 жылы туған АІІБ қызметкері ұсталды. Қазір полицей қамауда отыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД және ҰҚКД қызметкерлерінің бірігіп өткізген шаралары кезінде Абай аудандық полиция бөлімінің 4 қызметкері және Отырар АІІБ-нің 4 қызметкері ұсталған. «ОҚО ІІД-нің басшылығы өз қатарын тазалау бойынша қатаң шараларды жалғастырады. ІІД-де жеке құрамның заң бұзушылық пен қылмыс жасауына жол бермеуге бағытталған алдын алу шаралары өткізіліп тұрады», — делінген ведомство хабарламасында.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда