2017 жылдың 20 шілде күні Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Махамбет аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің жаңа құрамының кеңейтілген отырысы өтті.
Кеңейтілген отырысқа аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушысы Ұ.С.Тналиев, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Г.М. Шакирова, Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ –ның басшысы Т.Ө. Аман-Турлина, аудандық кеңес мүшелерімен бірге мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, ауылдық қоғамдық келісім кеңестерінің жетекшілері, аудандық қоғамдық және ардагерлер кеңестерінің төрағалары, аудандық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» парьтиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық білім бөлімінің басшысы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының күн тәртібіне 2 мәселе ұсынылды.
1. Аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің жұмысы және алда тұрған міндеттер туралы.
2.Аудандық «Қоғамдық келісім» кеңесінің 2017 жылдың 2 -жартыжылдығына жұмыс жоспарын бекіту.
Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Махамбет ауданы бойынша сарапшысы Құрманбаев Асқар Рахымұлы хабарлама жасап, кеңестің құрамына, атқарылған жұмыстарға және алда тұрған міндеттерге, атқарылатын жұмыстардың басты бағыттарына тоқталып, сұрақтарға жауап берді.
Мәселені талқылау барысында сөз алған Сарайшық ауылдық округінің әкімі Мәстекова Алмажай Айсағалиқызы, аудандық мәслихат депутаты, аудандық «Жайық шұғыласы» газетінің бас редакторы Ерғалиев Нұрым Телманұлы өз сөздерінде ауылда бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқандарын, еңбек жасындағыларының бәрі еңбек ететіндерін, ауылда ахуал бір қалыпты екенін келіспеушілік дүрді араздық жоқ екенін, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысы жөнінде осыған дейін толық түсінік болмағанын, сондықтан кеңес нәтижелі жұмыс жасай алмағандығын, бүгінгі кеңес отырысында үлкен түсінік алғандарын, алға қарай нәтижелі жұмыс жасайтындықтарына тоқталды.
Кеңес отырысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Тналиев Ұлықбек Серікұлы қонақтарға хош келдіңіздер деп кеңес жұмысына табыс тіледі, өз кезегінде сөз алған Шакирова Гулмира Муслимқызы мен Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы қоғамдық келісім кеңестері жұмыстарының басты бағыттарының тоқтап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кеңес отырысы күн тәртібіндегі мәселе бойнша шешім қабылдап, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылдың 2 жартыжылдығына жұмыс жоспарын бекітті.