jasqazaq.kz

«Оңай» VIP емес

18 тамыз 2017, 17:11

 

Алматыда Бірыңғай көлік картасы «Оңайдың» VIP түрі шығыпты. Бағасы 2 есеге қымбат. Осы жаңалықты естіген жұрт наразы. Соның бірі қала тұрғыны Болат Мұқашев. Ол былай дейді:

«Оңай картасын сатып алу үшін біраз дүңгіршектерді араладым. Бірақ сатылымда жоқ болып шықты. Абай мен Достық қиылысында орналасқан жерасты жолына түстім. Онда маған күнделікті картаның таусылғанын айтып, мультфильм суреті бар картаны ұсынды. Бағасын 600 теңге дейді. Күнделікті картадан еш айырмашылығы жоқ. Сатушы мұнда VIP сандары жазылғанын,  кұны 1500 ден басталатынын айтты»

Көңілге күдік ұялатқан бұл жағдайды білу үшін informburo.kz тілшісі саудагермен сөйлесті. Ол көрнекі суреті бар карталардың сатылып кеткенін айтып, қалған 800 теңгелік VIP картаны ұсыныпты.  Бұл картаның қандай кереметі бар! – деген тілшінің сұрағына саудагер дұрыс жауап бере алмады. Картадағы бастапқы әлгі алты сан бәрінде бірдей. Тек соңғы екі санның қайталануын бұлар VIP-ке балапты.

Есесіне, келесі дүңгіршекте отырған сатушысы бағасы 600 теңгелік көлік картасын Абай мен Алтынсарин қиылысынан ала алатынымызды айтып, сонда жол сілтеді.

Осы оқиғадан кейін «Алматы қаласындағы көлік холдингіне» хат жолдадық. Олар ешқандай VIP картаның жоқ екенін айтты. Алматы суреті бар картаның шектеулі данамен шыққаны, бірақ бағасы бұрыңғыдай 400 теңге екені белгілі болды.

Көлік холдингі карта сататын делдалдарға тосқауыл қоя алмайды екен. Бұған қоса мұндай жерлер «Оңай» картасын сатуға арналған ресми орын емес. Бір жақсысы, кәдімгі «Оңай» картасын бұрыңғыдай 400 теңгеге алуға болады.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда