jasqazaq.kz

Нұржан Төлендиев: Асаба болып біреумен біреуді аунатудан аулақпын

20 маусым 2024, 14:08

Белгілі актер, асаба Нұржан Төлендиев “1001 түн” бағдарламасына келіп, той мәдениетінің қалай қалыптасып жатқаны жайында әңгімелеп берді.

“Мемлекеттік қызметте емеспін. Үйде жатсам, бала-шағамды кім асырайды?! Қазір үйде де көп болып жатқаным жоқ. «Алдараспан» театры жылына гастрольдік сапарға бір рет шығады. Одан кейін тойға шығамын. Әуелі Алла, екінші халықтың ықыласы, сол кісілердің қолдауының арқасы. Той жүргізуге жиі шақырту аламын. Оны жасырмаймын, күнкөрісіміз той ғой. Ақ адал маңдай теріміз. Әдемі киініп алып, үш-төрт әнімізді алып, 5-6 миллион алып қайтпаймыз. Ерте барамыз, сол үйдің той егесінің әулетімен танысамыз. Сонымен 5-6 сағат аузың көпіріп жүргізесің. Асаба деген психолог болуы керек. Анаңдай адамға бейәдеп сөз айтпау керек. Бізде біреумен біреуді аунатып билетеді ғой. Менде ондай жоқ, мен ойын ойнатпаймын, басында келіскенде солай айтамын», – деп айтты актер.

Сонымен қатар әзіл әлемінің өкілі өнер адамдарына жеткілікті деңгейде құрмет көрсетілмейтінін айтты.

“Марқұм ұстазым Райымбек Сейтметовтің театрында жұмыс істеп жүрген кезім. Қалаға бір министр келетін болып, бір апта қойылым жасап, дайындалдық. Тарихты да қозғап, түрлі образға еніп, керемет дайындалдық. Ғимарат алдына шығып, таңнан кешке дейін дайындық жасаймыз. Ми қайнайтын ыстық. Ешкім су да, шай да бермейді. Көптен күткен министріміз келіп, «Саламатсыздар ма?» деп жанымыздан өте шықты. Әлгі министр қойылымға көз қырын да салған жоқ. Өнерді соншалықты төмен деңгейге түсіріп жібергеніне ішің ашиды. Бізді әлі бағалау кемшін тартып тұр”, – деп жан сырын ақтарды асаба.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?