Нұржан Керменбаев: Өсек пен төсекке қызықпайық! (Видео)

25 желтоқсан 2023, 15:58

Әнші Нұржан Керменбаев пен Элизат Берікова түсірген видеосы үшін көпшіліктің сынына ұшыраған болатын. Қоғам талқысынан кейін өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына жазба арнады.
«Тыңдармандарымыз жеке өмірді емес, дәл осылай шығармашылығымызды зерттесе ғой. Жазған әндерімізге мән беріп, сөзін түсініп тыңдаса ғой. Ол жақта да көп пікір жазуға болатын ой жатыр. Өсек пен төсекке қызықпай, шығармашылыққа және одан да артық дүниеге мән берейік, достар! Жеке өмірді өзімізге қалдырыңыздар! Барлығыңызды құшақтадым», — деп жазды әнші.
Ал желі қолданушыларын Керменбаевтың бұл жазбасы одан сайын ашуландырған. «Онда сен интрига жасама», «Неге осы Димаштан ел бәле іздемейді? Өздеріңді тәрбиелі, дұрыс ұстаңдар», «Саған мұндай жараспайды», «Халық көргенін жазады. Өсекке ілінгіңіз келмесе, мағыналы әніңіз туралы айтыңыз. Қызыл жүрекшені жандыра бермеңіз». «Қанша жерден әнші болсаң да, сен — аяулы жар, ардақты әке, бір әулеттің күйеу баласы, бір әулеттің бетке ұстар ер азаматысың. «Бір отбасы бұзылмаса екен» деп уайымдаймыз», «Әнді өзің де керемет айтасың. Бізге ондай нарсе ерсі көрінеді екен», «Танылатын ән, хайпсыз да таралады. Тыныш жүру керек», — деп пікір білдірді желідегілер.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу