Нұртас Айдарбеков: Жұлдыздың тойға келмеген себебін өзінен сұраңыздар

21 қараша 2023, 10:34

Айдарбековтер отбасы кенже ұлын үйлендіріп, келін түсірген болатын. Отандық бағдарламада қонақ болған Нұртас Айдарбеков тойдың қалай өткені мен шығынын айтып берді.
“Шымкент жақпен құда болдық. Қалың малға 10 мың АҚШ долларын бердік. Одан кейін барлық жөн-жоралғыны жасадық. Әйелдер ол жағын жақсы білгесін мен көп араласпадым. Құдалықта жылтырақ дүниелер көп болды. Бәрін жеңгелерің істеп жүр. Құдаларымыз да кезінде базарда сауда-саттық айналысып, бүгін жеке кәсіпкер болып отырған жандар. Келінім қарапайым отбасыдан шыққан, текті жердің қызы. Әулетімізге сын айтылмасын деген ниетпен оңтүстікке тән барлық жөн-жоралғыны жасадық”, – дейді Нұртас Айдарбеков.
Алайда тойға әулеттің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың не себепті келмегенін ашып айтқан жоқ.
“Бұл өзі орынсыздау сұрақ. Біздің Жұлдыз да, Қайрат та 35-ке келді. Олар кәмелет жасқа толған балалар ғой. Сондықтан, бұл сұрақты өздеріне қою керек. Мен олардың өмірлеріне араласа алмаймын. Менен әйелім мен немерелерім туралы ғана сұраңыздар. Қандай сұрақ болса да, солар үшін жауап бере аламын», – деп қысқа қайырды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу