jasqazaq.kz

Нұрлыбек Нәлібаев: Тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады

09 сәуiр 2024, 13:07

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Оған сәйкес, елімізде көшелерді тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуі тиіс. Кеше Алматы әкімдігі «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын бастаса, бүгін Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өзінің Фейсбук парақшасында облыс тұрғындарына үндеу тастады.

Облыс әкімінің жазбасында: «Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңірінде бүгіннен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды.
Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» деген болатын.
Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық – біз үшін басты құндылық.
«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы.
Ұлы жол – алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады деп сенеміз.

Сыр – Алаштың анасы!

Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз.

Тазалық – біз бен Сізден басталады!
Туған жерімізді бірге көркейтейік!» — делінген.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?