jasqazaq.kz

«Нұрлы жер»: енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

15 желтоқсан 2017, 17:03


«Нұрлы жер» бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтар бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, баспаналы бола алады. Бұл туралы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды Sputnik.

«23 қазан күні ҚР үкіметінің қаулысымен бірқатар түзету енгізілді. Алғашқы өзгеріс – бастапқы жарнаға қатысты. Бұрын бастапқы жарна 30 пайызды құраса, қазір бұған балама бар. Егер азаматтың 30 пайыз көлемінде жарнасы болмаса, онда ол өзіне немесе үшінші тұлғаға тиесілі, құны осымен пара-пар жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде ұсына алады. Сондай-ақ құрылыс компанияларына алдын ала төленген төлемі де есепке алынады. Ол да бастапқы жарна ретінде ескеріледі»,- деді Мұхамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, өзгерістер аясында бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілген.

«Енді пәтерлерді тек құрылыс компанияларынан ғана емес, басқа да заңды тұлғалардан (сауда компаниялары) сатып алуға болады. Яғни азаматтардың пәтер таңдау құқығы болады», — деді ол.

Бүгінде коммерциялық банктер де бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Жыл соңына дейін «Цеснабанк» АҚ, ал келесі жылы «Халық банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Tengri bank» АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ қосылуды жоспарлап отыр.

Бүгін, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
Бүгін, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
21 шiлде, 12:41
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы жаһандық қауіпсіздікке үлес қосуда
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң
19 шiлде, 21:21
Түркістан: Қоғамдағы ынтымақтастықтың жарқын үлгісі
19 шiлде, 20:49
Түркістан: Төлеби ауданының экономикалық әлеуеті қаралды