Нұрлан Қоянбаев: Сайқымазақ емес, қазақпын!

03 шiлде, 11:42

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған әзілкеш, актер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде халыққа үндеу жасады.

“300 милиондық аудиториясы бар, ең ірі жастардың ойынында, Мәскеу қаласында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым (тек мықты мемлекеттердің ғана әзілі дамыған: АҚШ, Англия, Франция т.б). Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Телеарна саласында қызмет атқаратындар бұл телевизия тарихындағы ең жоғарғы рейтингтердің бірі екенін айтып бере алады. Кино саласына келіп, маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120-ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жүр. Яғни, жыл сайын Голливудтқа кететін 100 млн долларға жуық ақша енді елімізде қалып жүр. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар! Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді. Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларымды бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс”, – деп жазды әзіл әлемінің өкілі.
“Байқағаным, кейбір журналистердің мақалаларында «Сайқымазақ», «Клоун» деген сияқты сөздер жүр. Мен – сайқымазақ емеспін, мен қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлердің бірімін! Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпарат министрінің вице-министрі Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады. Мен де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет жасағым келеді. Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?! Негізі негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, позитивті, текті қазақтардың белсендігі қажет. Әр жерде, әр салада, тіпті коммент жазуда да ұтылмайық», – деп жазды актер.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде