jasqazaq.kz

Нұрлан Еспанов: Жанымда жүргендердің барлығы жұлдыз

04 желтоқсан 2023, 13:32

Әнші Нұрлан Еспанов отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде осы уақытқа дейін бірде-бір атақ алмағанына реніш білдірді.

«Біздің тұзымыз жеңіл. Кей кезде ойланамын. Біз атаққа кешіккен адамбыз ғой. Мүмкін біз еңбек сіңірмеген шығармыз. Бізде халық берген атақ бар. Мені атаққа ұсынды. Бірақ уақыты келгенде ала алмай жатырмын. Әнші, композитор деген қала береді екен ғой. Тыңдарманың болғанымен, басқалар естімейді екен ғой. Қазір атақ сұрауды қойдым. Он жылдай атаққа құжат тапсырдым. Енді тапсырмаймын. Неге тапсыруым керек? «Маған беріңдерші» деп сұраған ұят емес пе?», — деді. Өнер иесі жанында жүргендердің жұлдызға айналғанын да атап өтті. «Маған өзіңізді атаққа ұсыныңыз дейді. Көздеріңіз бар ғой, көріп айтпайсыздар ма? Мемлекетке керек тапсырыстың бәрін мен жаздым. Баяғыда жазылған әндердің бәрін тегін жасадым. Он жыл сұрағаннан кейін қажеті жоқ-ау деп ойладым. Мен халықтың арасында жүрмін. Мен атақ алмасам, еңбек сіңірмегенім бе? Менің еңбектерімнің бәрі шегеленген, архивте жатыр. Оның қосымша ештеңесі керек емес. Бағдарламаға шақырғанда, «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Еспанов» деп шақырады. Сосын мен түсіндіріп, бағдарламаны қайта түсіндіремін. Менің жанымда жүргендердің барлығы жұлдыз болып кетті. Барлығы миллионер. Мен ақылымды дұрыс айттым, жол көрсеттім, дұрыс жеткіздім. Олардың бәрі шетінен бастық. Бірақ маған хабарласпайды. Мен оған мұқтаж емеспін. Менде дос көп. Кейде қарның ашатын жағдай болады. Атаққа қатысты айтатын нәрсе көп. Бірақ оны айтқанмен тыңдайтын құлақ жоқ. Жалпы, жаны ашитын адам жоқ. Ренішті не істеймін? Бізден 25-30 жас кіші жігіттер атақ алып жатыр. Олар — көрнекті тұлға. Біздің де керек жеріміз бар енді. Бірақ ол атаққа жетпей қалып жатыр ғой», — дейді өнер иесі.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?