jasqazaq.kz

Нурзат Сабиров қарсыласының жағын сындырды

18 маусым 2017, 10:22

Қарсыласының жағын сындырған қазақстандық боксшы Нурзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

23 жастағы қазақстандыққа америкалық Лорент Нельсон қарсы шыққан еді. Жекпе-жек бүгін түнде Канаданың Монреаль қаласында өтті. Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының мәліметінше, екінші орта салмақ дәрежесіндегі қос боксшы төрт раундқа созылуы керек болған, алайда жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта қазақстандық өз қарсыласын соққының астына алып, рефери кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдаған. Сабиров техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Нельсон жекпе-жектен кейін дереу ауруханаға жеткізілген, оның жағы сынып кеткен болып шықты. Осылайша қазақстандық боксшы Нурзат Сабиров кәсіпқой бокстағы екінші жеңісіне мерзімінен бұрын жетіп отыр. Нельсон болса мансап жолында екінші жеңілісіне ұшырады (екі жеңісі бар).

tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда