jasqazaq.kz

“Ninety one” тобының ата-аналары Мейрамбек пен Сәкенге реніштерін жеткізді

18 қыркүйек 2017, 15:08

Ninety one тобының ата-аналары ұлдарын сынап тастаған Сәкен Майғазиев пен Мейрамбек Бесбаевқа реніштерін жеткізді.

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Жуырда Сәкен Майғазиев 91 тобының артықшылықтары мен кемшіліктерін жіпке тізіп, топты сынаған болатын. Топ шыққалы екі жылдың жүзі болды. Осы уақытқа дейін үндемей келген 91 тобының ата-анасына енді ғана тіл біткен сыңайлы. Әлеуметтік желі арқылы “Музарт” тобының әншілеріне ашық хат жолдаған.

“91 тобы туралы жағымсыз, біржақты пікірлер айтып жүрген өнер адамдарының ішінен жастайларынан көз алдымызда өскен, өздері де топ құрған, оның барлық қызық-шыжығын білетін Сәкен Майғазиев, Мейрамбек Бесбаев інілеріміздің қандай бастамаға жанашырлық жасамақ болып жүргендерін түсіне алмадық. Әлде қазақ эстрадасының көсемдері болғысы келе ме? Немесе эстрадаға кеңес одағы кезінде орын алған цензура орнатуға бастамашы болғылары келіп жүр ме? Түпкі мақсаттары не? Топты тарату ма?” – деп жазылған хатта.

Аталған хаттан қазақстандық жұлдыздар хабардар болып шықты. Десе де, оны Мейрамбек Беспаев пен Сәкен Майғазиевтің оқыған-оқымағаны әзірге белгісіз. “Шет жағасын оқыған едім. Мейрамбек пен Сәкен ағамыздың 91 тобы туралы айтқан ауыр сөздерін айтып, неге түсіреді деп ренжіген екен”, – дейді Талғат Жорабаев.

Ал Әсет Қарабалин мұны сынға емес, ағалық ақылға балап отыр. “Сәкен ағамыз бен Мейрамбек ағамыздың айтулары бойынша, ер жігіттің өзіне тән қасиеті болуы керек”, – дейді ол.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда