Ауданда 12 мың бас ірі қара, 5 мыңнан астам жылқы, 21,8 қой бағылады. Биылғы жылы үш ауыл шаруашылығы кооперативін құру жоспарланған. Ет бағытында құрылған кооператив Пригородный селосында ет өңдеумен және етті консервілеумен айналыспақ.
Өңірде биылғы жылы мал шаруашылығын дамытуға бағытталған «Сыбаға», «Алтын асық», «Ырыс» және «Құлан» бағдарламалары жүз пайыз орындалды. Мәселен, 22 мың гектардан астам жайылымдық жері бар «Кен-М» серіктестігі 228 бас қазақтың ақбас ірі қарасы мен 1486 қой бағады. Мал Есіл өзенінде суарылады. Бұл маңның шөбі де шүйгін. Шаруашылық несиесіз-ақ, осы малдың арқасында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізген.
Ақмола облысы, Жарқайың ауданы