jasqazaq.kz

Не істейін дегенін кім білсін: учаскелік полицей қызды құтқарып қалды

08 желтоқсан 2023, 12:34

Семейде учаскелік полицей кішкентай қызды мас адамнан құтқарып қалды. Polisia.kz хабарлағандай, күдікті УҰИ-ға қамауға алынды.
Әлеуметтік желіде ер адамның көшеде келе жатқан қызға шабуыл жасағаны жайында видео тарады. Дер кезінде жетіп келген Абай облысының учаскелік полиция инспекторы баланы мас ер адамның қолынан аман алып қалды. 7 желтоқсан күні Семей қаласында учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраев көшеде шыққан қыздың дауысын естиді. Дауыс шыққан жерге жеткен полиция қызметкері ер адамның 11-12 жас аралығындағы қызды ұстап тұрғанын және үйдің кіреберісіне күшпен кіргізуге тырысып жатқанын көрді. Учаскелік полицей қызды мас адамның қолынан босатып, өз жағына тартып, оны қорғайтынын білдірді.
Қыз бала Семей қаласының мектептерінің бірінің 6-сыныбында оқиды екен. Қарағайлы шағын ауданындағы үйлердің жанынан өтіп бара жатып, оған белгісіз ер адам пәтерге баруды ұсынған. Жүргізілген медициналық куәландыруға сәйкес, ұсталған ер адам “орташа дәрежелі” мас күйінде болған. Учаскелік полиция инспекторы Рымғали Жибраевтің уақытылы әрекет етуінің арқасында бала зардап шеккен жоқ және ата-анасына тапсырылды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.  Абай облысы полиция департаменті ата-аналарды ерекше қырағылық танытуға және балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылдауға шақырады.

 

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?