jasqazaq.kz

Үндістанның 61 азаматы елден қуылатын болды

08 қыркүйек 2017, 16:37

Алдағы күндері «Абу-Даби Плаза» кешенінде жұмыс істеп жүрген Үндістанның 61 азаматы елден депортацияланады. Олардың 23-і ертеңге дейін Қазақстан шығарылмақ. Бұл туралы Астана әкімінің Arabtec Holding PJSC құрылыс компаниясының басшылары және ҚР-дағы БАӘ Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесуі барысында айтылды.

Кездесу 2017 жылдың 2 қыркүйек күні «Абу-даби Плаза» құрылыс алаңындағы бақылау-өткізу пунктінде орын алған жағдайға қатысты болды.

«Arabtec Holding PJSC» компаниясының басшылығы алдағы күндері 61 шетелдік жұмысшы (Үндістан азаматтары) «Абу-Даби плаза»құрылыс алаңында тәртіп пен қоғамдық жағдайды бұзғаны үшін елден шығарылады, оның ішінде 23 адам бір тәулікте отанына оралады деп хабарлады.

Әңгіме барысында қала басшылығы мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті және шетелдіктерден Қазақстан Республикасының Заңына бағынып, моральдық-әдеп тәртібі нормаларын сақтауды, сондай-ақ Қазақстан халқының салтына сыйластықпен қарауды талап етті.

sn.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті