Үндістанда жолаушылар пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетіп, 23 адам ажал құшты. Тағы 150-ге жуық жолаушы жарақат алды.
Жапа шеккендер арасында ауру халде жатқан науқастар бар. Оқыс оқиға елдің солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында болған. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр. Кейбір мәлімет бойынша, төтенше жағдайға толас таппай жауған нөсер себеп болуы мүмкін. Жергілікті билік: «Құрбандар саны артуы ықтимал», – деп отыр.