
Бұған Елдос Сметовтың Тараз қаласындағы үйі тұрған көшеге асфальт төселгені түрткі болды.
Мәселен, журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың сторисіне “Әкімшіліктегілер Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбайдың көшесін жөндей берсе бола ма, ағайын?” деген сұрақ жазылды. Оған боксшы Назым Қызайбай былай деп жауап берді:
«Өте қуанар едім. Мен жақта асфальт былай тұрсын, бір қырып түзулеп өтсе ғой».
Еске салсақ, Назым Қызайбай бүгін қытай боксшысымен жекпе-жекке шығады. Жеңсе, финалға шығады.
JQ-Aqparat