jasqazaq.kz

«Наурызнама» — Ұлыстың ұлы күнін тойлаудың жаңа форматы (Видео)

14 наурыз 2024, 11:49

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамына да санаулы күндер қалды. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, жер-жерде қызу дайындық жүріп жатыр. «Жылдағыдан өзгеше атап өтсек екен» деген тілек те бар.

Осыған орай, мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа форматын ұсынды.
Ол бойынша Ұлыстың ұлы күні жыл сайын он күн бойы – 14-23 наурыз аралығында атап өтіледі. Онкүндік «Наурызнама» деп аталды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Сәбит Барлыбаевтың айтуынша, «Наурызнама» онкүндігі Наурыз мейрамының мән-мағынасы мен мазмұнын байытып, түрлі мәдени және дәстүрлі іс-шараларды қамтиды.

Әр күн қазақ мәдениеті мен қоғамының байлығы мен алуан түрлілігін көрсететін белгілі бір тақырып пен құндылыққа арналады. Наурызнама онкүндігі қайырымдылық пен мәдени шаралардан бастап, ұлттық салт-дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін қоғамның барлық саласын қамтуға бағытталған.
Еліміздің барлық өңірінде өтетін халықтық мерекелер мен мәдени-спорттық іс-шараларға ерекше назар аударылады. Сондай-ақ осы мереке аясында этноауылдар құрылып, жәрмеңкелер, концерттер, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады.

Бірақ Наурыз мейрамын тойлау онкүндікпен ғана шектелмейді. Ел бойынша түрлі форматтағы 10 мыңнан астам іс-шара, соның ішінде көрмелер, фестивальдар, әдеби-музыкалық кештер мен фильмдер көрсетілімдері жоспарланған.

Осы жылдың басты мерекесі 21 наурызда Астанадағы ЭКСПО аумағында өтетін «Ұлы істің – Ұлы таңы» іс-шарасы болмақ. Бұл мереке ұлттық мұраның сан алуандығы мен халық бірлігін ұштастыра отырып, қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі мен мәдениетінің көрінісі іспетті.
«Наурызнама» бойынша 14 наурыздағы «Амал — Көрісу күнінен» бастап, әр күн белгілі бір оқиғаға арналады. Мәселен, 15 — Қайырымдылық күні, 16 — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні деп, 23 наурыз — Тазару күнімен аяқталады.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды