Наурыз қарсаңындағы қайырымдылық шарасы

15 наурыз, 15:56

 

Бүгін Астана-Қарағанды тас жолы бойында орналасқан азық-түлік қоймасында елең-алаңнан қарбалас тірлік жүріп жатыр. Мұнда «Астана жастарының» еріктілер тобы жалпы көлемі 45 тоннаны құрайтын азық-түлік өнімдерін қораптарға бөліп, салуда. Көп ұзамай жүк көліктеріне тиелген азық-түлік мұқтаж жандардың отбасына жол тартады.


Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласының әкімдігі Qazaq oil брендімен бірге қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, халықтың әлеуметтік осал санатына жататын 1000 отбасына азық-түлік себеттерін таратуды қолға алды.

 


Астана әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек былай дейді:
-Биыл Наурыз мерекесі еліміз бойынша ерекше сипатта, жаңа мазмұнда атап өтілмекші. Осы Наурызнама онкүндігіне біз де өз үлесімізді қосып, қайрымдылық шарасын ұйымдастырып отыр. Бұл Астана әкімдігі мен Qazaq oil компаниясының арасындағы меморандумға сәйкес былтырдан бергі бесінші акция. Мыңнанан аса отбасына берілетін себеттердегі азық-түліктің ішінде ұн, қант, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон өнімдерімен қатар балаларға түрлі тәттілер бар. Бір себеттің салмағы шамамен 45 килограмм.
Өз кезегінде демеушілік көрсеткен комания өкілі бизнес саласындағы әріптестерін, жалпы кәсіпкерлерді қайырымдылық шарасынан тыс қалмауға шақырды.
«Біздің компания қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіне отырып, осындай сауапты істерді үнемі қолдауға тырысады. Елорда әкімдігімен бірлесе атқарылатын мұндай шаралар былтырдан бері игі дәстүрге айналды. Оның үстіне бұл қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр», — дейді Qazaq oil компаниясы маркетинг бөлімінің бас менеджері Нұрсила Күншығарова.


Бұдан кейін жүк көліктері Астана қаласына жол тартты. Ең алғашқы шаңырақта бізді көп балалы ана Роза Сырбекова қарсы алды. Отасындағы бес баланың үлкені он жаста, кішісі екі айлық көрінеді. Екі жыл бұрын ғана көп балалы ана ретінде мемлекеттен жайлы пәтер алыпты.


«Әкімдік пен демеушілік жасаған азаматтарға алғысым шексіз. Мемлекеттің қамқорлығын үнемі сезініп отырамыз, қала әкімдігі әрдайым бізді назарда ұстайды. Әз Наурыз әрбір шаңыраққа жақсылығын әкелсін. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!»,- деп көп балалы ана ағынан жарылып, ақжарқын көңілмен қоштасты.

Ә.Смайылов

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды