Ресейлік азаматша 50 оқты заңсыз алып өткені үшін сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ресей азаматшасы Санкт-Петербургке ұшпақшы болып елордадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде өзімен бірге аң аулайтын қаруға арналған 50 оқ алып өтпекші болған. Олар тексеріс кезінде тәркіленді. Оқтар әйелдің сөмкесінде болған», — делінген хабарламада. Астана қаласы Есіл ауданының №2 сотының шешімімен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 287- бабы («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 286-баптың 1 және 1-бөліктері бойынша («Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы») айыпты деп танылды. Ресейлік азаматшаға 600 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 1 361 400 теңге айыппұл салынды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.