jasqazaq.kz

Нұрсұлтан Назарбаев: Ел болу үшін еш уақытта тыныш жатпауымыз керек

13 шiлде 2017, 18:16

Қазақстанның бүгінгі абырой, беделіне қызғанышпен қарайтындардың бар екенін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 25 жылдығына орай өткен салтанатты шарада айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.

Тәуелсіздіктің 25 жылында елімізде көптеген шаруа атқарылғандығын атай келе Елбасы «Елордамызды тұңғыш рет өзіміз таңдап, Сарыарқаның төсіне салдық. Төңірегіміздің барлығымен біздің бейбітшілік жағдайында келіссөздеріміз бар. Көршілерімізбен достық пен сенім шекараларын орнаттық. Алыс елдермен де қарым-қатынасымыз жақсы. Саяси жағынан барлығын орнаттық. Дегенмен ел ел болу үшін тәуелсіздігіміз болу үшін еш уақытта тыныш жатпауымыз керек», — деді.

Жылдар бойы ел болып еңсерген еңбектің еш кетпеуі үшін отан қорғап жүрген азаматтардың қашанда сақ, сергек болуы қажеттігін және сенімге селкеу түсірмеу керектігін баса айтты. Нұрсұлтан Назарбаев «Үй өзімдікі деме, үй сыртында бөрі бар» деген қазақтың сөзі бар. Ол сіздер үшін айтылған. Әруақытта біздің елімізді, байлығымызды, тұрақтылығымызды, Қазақстанның бүкіл дүниежүзіндегі абыройын, беделін қызғанатын адамдар аз емес. Досымыз да көп. Жаманшылық ойлайтындары да бар. Өкінішке қарай, ішімізде де кездеседі, сырттағылардан гөрі. Сондықтан осының барлығы Конституциялық жүйемізді сақтау, мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, мемлекеттің мықтылығы жолында жұмыс істеу, экономикалық, ішкі, сыртқы қауіпсіздік барлығы бірге жүреді. Сондықтан мен комитет қызметкерлерінің барлығына жеке басым сенемін. Жұмыстарың алға жылжи берсін, өздеріңе және жанұяларыңа, бала-шағаларыңа ең ізгі тілектерді тілеймін. Аман-сау болып, елді қорғаңыздар, абыройлы болыңыздар», — деді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда