jasqazaq.kz

Нұргүл Асанова «Қазақ аруы» атанды

19 наурыз 2017, 22:43

Астанада «Қазақ аруы-2017» сұлулық байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені 19 жастағы оралдық Нұргүл Асанова иеленді.

Сайысқа еліміздің әр өңірінен іріктелген 16 ару қатысты.

Олар: Ақбаян Өмірқұлова (ОҚО) Айбану Жексенғали (Атырау облысы), Ақмаржан Жұман (Астана), Амина Мектепбаева (Алматы), Бегайым Жорабекова (ОҚО), Виктория Петрова (Павлодар облысы), Гүлжанат Жұмажанова (Ақтөбе облысы), Айгерім Орынбекова (Қарағанды облысы), Жұлдыз Орынбасарова (Жамбыл облысы), Зуxра Сайпи (Қызылорда облысы), Мария Халбият (Алматы облысы), Назерке Дауылбаева (Атырау облысы), Нұргүл Асанова ( БҚО облысы), Перизат Абдашова (Маңғыстау облысы), Сәуле Әділбаева (БҚО), Шырын Ақпар (ШҚО).

Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатын сұлулық байқауы бірнеше кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қыздар өздерінің қабілет-қарымын паш етті. Кейін сұлу арулар рухани құндылықтар жөніндегі пайым-түсініктерін ортаға салып, өз өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынды. Олар түрлі жанрда би билеп, танымал қазақтандық эстрада жұлдыздарымен бірге ән орындады. Ал кейбір арулар «Айман — Шолпан», «Қобыланды батыр» («Құртқа мен Қарлыға» диалогы) пьесаларынан үзінді қойып, көрермендерді өздерінің актерлік шеберліктерімен тәнті етті. Ал «сұрақ-жауап» бөлімінде үміткерлерге қазақтың салт-дәстүріне байланысты бейне-сұрақтар қойылды.

Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен оралдық Нұргүл Асанова жеңіске жетті. 1-орынды қызылордалық Зухра Сайпи, ал 2-орынды ақтөбелік Гүлжанат Жұмажанова алса, 3-орын қарағандылық Әйгерім Орынбековаға бұйырды. Сонымен қатар, Зухра Сайпи «Аруна» сайда үйінің арнайы сыйлығына ие болды. Ал Әйгерім Орынбекова «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленді.

Биыл сұлулық байқауына белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей, танымал дизайнер Аида Қауменова, Астана қаласы мәдениет басқармасының бастығы Болат Мажағұлов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, ақын, тележүргізуші Қалқаман Сарин, «Қазақ аруы-2016» байқауының жеңімпазы Альмира Ахатова, әнші Бүркіт, байқаудың авторы әрі бас продюсері Баян Есентаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова, әйгілі тележүргізуші Динара Сәтжан, бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов төрағалық етті.

Сонымен қатар сұлулық сайысында Қанат Байкенов, Айқын Төлепберген, Қыдырәлі Болманов, Алмас Кішкінбаев, Әли Оқапов, «Алау» тобы сынды танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылы 7-ші рет ұйымдастырылған байқаудың тәжін өткен жылдары Ләззат Қалдыбекова, Айғаным Өтепбергенова, Әйгерім Қанатбаева, Гүлназ Жоланова, Кәмшат Қоскелова және Альмира Ахатова иеленген.

Baq.kz хабарлағандай, сұлулар сайысының толық нұсқасын тұрғындар «Хабар» арнасынан 21 наурыз күні сағат 21:35-те көре алады.

22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы