Әлеуметтік желіде ұйқыға кеткен нәрестенің түсініксіз әрекетінен видео жария болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Сәбидің ерекшелігін байқаған ата-анасы бұған қатты таң болып, оны видеоға түсіріп алған. Габриель Мура есімді азамат ұлы Тайлердің ұйықтаған кезде бір қолын көтеріп алатынын айтуда.
Әкесі баласының бір қолын түсірмек болса, ұйқыдағы нәресте екінші қолын көтеріп алады екен. Желі қолданушыларының бірі бұны күлкілі деп тапса, енді бірі алаңдаушылық білдіруде.
Олар мұндай түсініксіз әрекет нәрестенің денсаулығында кінәрат барынан хабардар етеді деген пікірде. Дегенмен әкесі ұлы Тайлердің денсаулығы жақсы екенін алға тартты.