jasqazaq.kz

Мысырда жоғалып кеткен қазақстандық 6 студент табылды

25 шiлде 2017, 17:06

Мысырда жоғалып кеткен 6 қазақстандық студентті Каирдің құқық қорғау органдары ұстап отыр. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Біздің дипломаттарымыздан Мысырда жоғалған қазақстандық студенттерді іздестіру нәтижесі бойынша алдын ала ақпарат түсті. Жаңа ғана сенімді көздерден алынған ақпарат бойынша аталған қазақстандық студенттерді Каир қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алған және олар осы елдің аумағында. Олардың өмір мен денсаулығына төнген қатер жоқ», — деп жазды ол. Жайнақовтың атап өтуінше, қазіргі кезде Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі Мысыр тарабынан біздің азаматтарымыздың ұсталуы, қазіргі орны мен жағдайлары туралы ресми жауап талап етуде. «Таяу арада Қазақстан елшісі Мысыр Сыртқы істер министрінің орынбасарымен осы мәселеге байланысты кездесу өткізбек. Қосымша ақпарат Мысыр тарабымен келіссөздер нәтижесі бойынша хабарланатын болады. Осы мәселе Қазақстан Сыртқы істер министрлігі басшылығының ерекше және үнемі бақылауында», — деді Әнуар Жайнақов.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда