jasqazaq.kz

Мысырда 6 отандасымыз жоғалып кетті

25 шiлде 2017, 11:02

Мысырда 6 қазақстандық жоғалып кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алты қазақстандық қазіргі уақытта жақындарымен байланысқа шықпай жатыр. Олардың барлығы бір пәтерде тұрған. «Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Каирдегі Қазақстан елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігінен іздестіру жұмыстарына көмек көрсетулерін сұрап, нота жолдады. Біздің дипломаттар жоғалып кеткен қазақстандықтардың жақындарымен және туыстарымен тығыз байланыста», — деп хабарлады Әнуар Жайнақов. Осыған дейін Айбол Исабек есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында жоғалып кеткен қазақстандықтардың екеуінің есімін атаған болатын. Олар — Қанат Берік және Еламан Жазылхан. Оның айтуынша, екеуінің бірі оның ағасы екен. Олар Мысырға 11 шілдеде ұшып кетті. «Мысырға келісімен ҚР елшілігінде тіркеуге тұрды. 20 шілдеде мүлде байланысқа шықпады. Мысырдағы Қазақстан консулы Ершат қазақстандықтардың қай жақта екенін білмейді. Барлықтарыңыздан іздестіру жұмыстарына көмектесулеріңізді сұраймыз!» — деп жазды Айбол Исабек есімді қолданушы Facebook желісіндегі парақшасында.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда