jasqazaq.kz

Мысыр «ханзадасы» 10 арыстанымен бірге Астанаға келеді

20 мамыр 2017, 9:48

Мамырдың 20-сы мен маусымның 18-і аралығында астаналық цирк аренасында Мысырдың еңбек сіңірген артисі Хамада Кутаның жетекшілігімен аңызға айналған «10 арыстан мен Мысыр ханзадасы» аттракционы көпшілік назарына ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Хамада алғаш рет торға 2 жасында кірген, ал аң үйретуді 7 жасында бастады. Бүгінде ол әлемде ешкімнің қолынан келмейтін бірегей трюктарды орындайды. Хамада Кута цирк әулетіне — 169 жыл. Бұл өнерге алғаш болып әжесі Mahasen El Helow келген, ол араб елдерінде аң үйреткен тұңғыш әйел. Сонымен қатар, бағдарлама аясында жонглерлар, акробаттар мен көңілді сайқымазақтар өз көрермендерін қуантпақ. Бұдан басқа, Ресей мен Еуропа фестивальдарының алтын жүлде иегерлері, Гиннестің рекордтар кітабына енген Үлкен Мәскеу циркінің артистері өнер көрсетеді. Ал әуе гимнасттары ешбір сақтандырусыз цирк күмбезінің астында 10 метрден артық биіктікте күрделі трюктарды орындайтын болады.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда