Мысырға тіл үйренуге кеткен Қазақстанның алты студенті хабарсыз кеткен. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов айтты деп хабарлайды jasqazaq.kz тілшісі.
«20-шілдеден бастап 6 қазақстандық студент туған-туыстарымен байланысқа шықпаған. Олардың екеуі 11-шілдеде Каирге 2 айлық тіл жетілдіру курсынан өту үшін кеткен. Барлығы бір пәтерде тұрған. Байланыс үзілген сәттен бастап қазақстандық дипломаттар іздеу шараларын бастады. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қазақстанның елшілігі Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, іздеу жұмыстарына көмектесуге, мекенжайларын анықтауға, іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады. Іздеу жұмыстары жалғасуда», — деді Жайнақов.
Әнуар Жайнақовтың айтуы бойынша, іздеу жұмыстары 11-шілдеде Каирге кеткен 2 студенттің ата-анасының хабарласуы бойынша басталған. Алғашқы 4 студенттің ата-анасы әлі сыртқы істер министрлігіне хабарласпаған.