jasqazaq.kz

Мұстафа Шоқай туралы жаңа деректі фильм жарыққа шықты

17 сәуiр 2018, 10:22

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай жайында түсірілген «Ардағы еді түркінің» атты деректі фильм көрерменге жол тартты.

Бұл деректі фильмді дүниежүзілік «Алтын сапран» кинофестивалінің жүлдегері Доқтырхан Тұрлыбек түсірген. Кинолентаны әзірлеуге 20 жыл кеткен. Фильм барысында тұғырлы тұлғаның өмір жолы толықтай баяндалып, қызмет жолындағы қиындықтары да назардан тыс қалмаған. Туындыда ел көп біле бермейтін деректер қамтылған. «Осының нәтижесінде саяси қайраткердің бітім-болмысын жан-жақты аша алдық деген ойдамын. Мұстафа Шоқай кешегі соғыс жылдарында 140 мыңнан астам түркі тектес халық өкілдерін неміс тұтқынынан босатуға көмек бергенін тарихтан жақсы білеміз», — дейді режиссер Д.Тұрлыбек. Бүгінгі күндері облыстың бірқатар аудандарында деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Жалағаш ауданында өткен шарада жергілікті көрермен туындыны жоғары бағалап үлгерді. Деректі фильмді орыс, ағылшын және түркі тілдеріне аудару көзделіп отыр.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Бүгін, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
Бүгін, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
Бүгін, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр