jasqazaq.kz

Мырзахметов Тоқаевтың сынына жауап берді

15 маусым 2017, 16:40

Үкімет басшысының орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұның алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Мырзахметовты ауыл шаруашылығын дамыту үшін белсенді шешімдер қабылдауға шақырған болатын. «Әр министр келіп, жаңа бағдарлама жасайды. Бұл бағдарлама емес, жақсы тілектер ғана сияқты. 2020 жылы тағы бір бағдарлама ашылатын сияқты. Оның жарнамасын күшейтеді, 60 мың тонна етті экспорттау жоспары сияқты. Сенатта оның мүмкін емес екені айтылды ғой. Бұл бағдарламаны сонша жарнамалап, Елбасының аузына салып қойдыңдар», — деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. Асқар Мырзахметов жаңа бағдарламаның қатты жарнамаланғаны туралы сынға келіспейтінін айтты. Оның сөзінше, министрлік өкілдері тек нақты деректермен сөйлейді. «Алдыңғы бағдарламада жоспарлық болмағанын есепке алсақ, жаңа бағдарламада бұл ескерілді. Нақты индикаторлар көрсетілген, сонда айтылғанның барлығы — бұл бағдарламаның іске асырылған тұстары. Бұл жарнама емес, біз нақты нәтижелерді айттық. Сондықтан әзірге тек жарнама жүріп жатыр деген сынмен келіспеймін. Бұл жарнама емес — бұл дерек», — дейді министр журналистерге отырыстан тыс жерде. Асқар Мырзахметов министр болып 2016 жылдың 6 мамырында тағайындалған еді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда