jasqazaq.kz

Мұхтар Тайжан: Кітап оқымаған «білгіштер» мен уағызшы «молдалар» қаптап кетті

15 қантар 2024, 12:25

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Facebook желісіндегі парақшасында дін тақырыбын қозғап, білімі жоқ молдаларды сынға алды.
«Өзің білме, білгеннің тілін алма» — деген жаман қарғыс сөз бар қазақта. Қарасам, өздері қараңғы, жоғары білімдері жоқ, кітап оқымаған «білгіштер» мен уағызшы «молдалар» қаптап кетіпті. Тоқсаныншы жылдары ғана ұры, коррупционер, бандит болған қазіргі таңда тақияны қиіп алып, сақалды өсіріп алып, тиктокта, ютубта жастарға ақыл айтып отыр. Шалбар киме — ол голубойлардың киімі екен», «көкпар деген — ол сақабалардың, яғни араптардың ойыны екен», «мұсылмандарда ұлты мен руы жоқ», «домбыра — харам» — деп сандырақ әңгімені көп айта бастады. Бұндай әңгімелер иманға еш қатысы жоқ деп санаймын. Бұл қазақты ұлтсыздандыруға, тіпті араптандыруға апаратын науқан. Ата-бабаларымыз имандарын жүректерінде сақтап қазақ болып қалды ғой! Ұлт деген не? Ол тіл, дәстүр, діл, жыр. Бәрімізді Жаратқан жаратқаны рас, бірақ бәрімізді құл болсын жаратқан жоқ шығар? Біз өз туған балаларымызды бізге құл болсын деп туып өсірмейміз ғой? Ұрпағымыз басқа дүниеде емес, осы дүниеде бақытты болсын деп өсіреміз. Сол секілді мейірімді я кешірімді Жаратқанымыз бізге құлдықты емес, бақытты өмірді тілеп отыр деп сенем. Ең қуатты Жаратқанға құлдар не керек? Ал ғасырлар бойы құлдар патшаларға, байларға өте керек болған. Сол үшін қарапайым халықты дінмен қорқытып құлдықта ұстаған. Патшаға қарсы шықпа, осы өмірде бәрін шыда, үндеме, сосын өлесін, басқа дүниеде сенің қасында 70 жас қыз мәңгі серік болады». Нағыз құлдардың арманы сол болған. Шалбар мен сақалыңның ұзындығы, сенің намазың, сенің зяқатың, сенің мешіт салғаның, сенің Меккеге барып қайтқаның — ол сенің жеке шаруаң. Бұндай тірліктерді таза адамдар да, ұрылар да жасай береді. Жаратқанға бізден не керек? Не үшін бізді жаратты, қандай мақсатымен? Біздің таза ниетіміз, біздің таза арымыз, ұрлыққа былғанбаған қолымыз керек. Нағыз иман деген осы деп білем», — деп жазды Мұхтар Тайжан.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда