Алматы облысында сал ауруына шалдыққан баланы өлтірді деген күдікті кінәсін мойындады. Бұл жөнінде облыстық сот мәлім етті.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігіне сəйкес, күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берілді. Күдікті кінәсін мойындады», — деп мəлім етті Алматы облысының соты. Еске сала кетейік, бұған дейін күдікті әйелдің тұтқындалып, ол Талғар аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатынбыз. Күдікті «Аяла» мамандандырылған балалар интернатындағы сегіз жасар баланың өліміне кәнілі деп айыпталуда. Туыстарының нұсқасы бойынша, баланы тәрбиеші тұншықтырып өлтірген.