Башқұртстанда мұғаліміне пышақ ала жүгірген оқушы, соңында сыныбын өртеп жіберді.
Nur.kz хабарлағандай, оқиға Стерлитамак қаласында орын алған. Мұғалім мен басқа оқушылар өрт салдарынан терезеден секірген. Оларды әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізді. Айта кетейік, қазір төрт адам зардап шеккен. Қазір оқыс оқиға туындатқан тоғызыншы сынып оқушысы құқық қорғау орындарына жауап беруде.