jasqazaq.kz

Мьянмада буддистер мұсылмандарға арналған көмекті өткізбей жатыр

21 қыркүйек 2017, 14:30

Мьянмада буддист белсенділері мұсылмандарға арналған гуманитарлық көмекті Ракхайн штатына жібермеу үшін күресіп жатыр деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.

Оқиға сәрсенбі күні кешкісі болған. Жүздеген буддистен жиылған наразы топ Қызыл крест ұйымы қызметкерлерінің 25 тамыздан бері қантөгіс аймағына айналған Ракхайн штатына баруы тиіс гуманитарлық жүкті кемеге тиеуіне кедергі жасау үшін жарылғыш заттар лақтырған.

Штаттың орталығы Ситтуе қаласының портындағы кемеде шамамен 50 тоннадай түрлі заттар болған. Көмекті жөнелтуге кедергі жасау үшін наразы топ таяқ, металдан жасалған түрлі қарулар ұстап келген, жарылғыш заттар лақтырған. Оларды тоқтату үшін 200-дей полицей жұмылдырылған. Мәліметтер бойынша, бірнеше адам жарақат алған, оншақты адам ұсталды. Қайырымдылық ұйымы қызметкерлері зардап шекпеген.

Штат үкіметінің хатшысы Тин Монг Суидің айтуынша, адамдардың ашу-ызасын туғызған нәрсе, көмек тек бенгалдарға беріліп жатыр деген әңгіме.

Бұл оқиға әлеуметтік араздықтың шиеліскенін көрсетіп отыр деп жазады басылым.

Мьянмада буддистер мен басым көпшілігінің азаматтығы жоқ мұсылман-рохинджа арасындағы дұшпандық бірнеше ондаған жыл бойы жалғасып келеді. Жанжал соңғы жылдары қантөгіске ұласа бастады.

Тамыздың аяғында мұсылмандардың ARSA атты қарулы ұйымының отряды полицияға шабуыл жасады. Артынша басталған үкіметтік әскердің шабуылы нәтижесінде 400 мыңнан аса рохинджа көршілес Бангладешке босып кетті. БҰҰ Мьянма әскерінің бұл шабуылын «этникалық тазалау» деп атады.

Екі күн бұрын БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген АҚШ президенті Дональд Трамп Ракхайн штатындағы қантөгісті дереу тоқтатуға шақырды.

Ал бұл оқиғаларға жол бергені үшін халықаралық қауымдастық тарапынан қатаң сынға ұшыраған Мьянма басшысы, Нобель Бейбітшілік сыйлығының лауреаты Аун Сан Су Чжи ел үкіметінің бұл мәселеге қатысты айыптаулардан қорықпайтынын мәлімедеді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда