jasqazaq.kz

Мьянма билігі босқындар орала алмауы үшін шекаралас аймаққа мина қойып жатыр

06 қыркүйек 2017, 11:54

Мьянма билігі Бангладешпен шееараға мина қойып жатыр. Бұл босып кеткен рохинджа халқының қайтып оралмауы үшін істеліп отырған болуы мүмкін.

Бангладеш билігіндегі мәлімет көздерінің айтуынша, мина қою осымен үшінші күн жүріп жатыр. Жарылғыш заттар сым тартылған қоршаулар бойымен қойылып жатыр. «Біздің әскерилер жерге белгісіз зат көміп жүрген топты байқады. Кейін ақпарат берушілер оның жарылғыш заттар екенін растады», — дейді мәлімет беруші. Бангладеш шекарашысы Манзурул Хассан Хан сейсенбіде Мьянма аумағында екі жарылыс болып, екі бала зардап шеккенін мәлімдеген. Бүгін Бангладеш шекара маңына мина қоюға ресми қарсылығын білдірмек. Мьянманың Ракхайн штатында ел әскері рохинджа халқының өкілдерінен тұратын «содырларға» қарсы операция өткізіп жатыр. Мьянма билігі бұл халықты этникалық бенгалдар ретінде санайтындықтан азаматтық бермей келеді. Мұның алдында Мьянма билігі әскерилер мен содырлар қақтығысынан 400 адам мерт болғанын: оның шінде 370 содырдың көзі жойылып, мьянмалық 15 әскери қаза болғанын және «содырлар» 14 бейбіт тұрғынды өлтіргенін мәлімдеген еді.

tengrinews.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті