jasqazaq.kz

Мың теңге бірлік саламын деп 317 000 теңгесінен айырылды

04 тамыз 2017, 13:14

Ағымдағы жылдың 6 маусымында пробациялық бақылаудағы сотталған А.Самешев Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Ш.Телішеваның ұялы телефонына 1000 теңгеге бірлік салу арқылы жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi түріндегі әрекет жасаған.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінен хабарланды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен А.Самешевке қатысты құжаттар жинақталып, 24.07.2017 жылы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 676 бабымен (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) әкімшілік іс қозғалып, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды. Соттың 02.08.2017 жылғы қаулысымен А.Самешев ҚР ӘҚБтК-нің 676 бабымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен ҚР ӘҚБтК-нің 819 бабының 2 бөлігін қолдану арқылы 200 айлық есептік көрсеткіштің немесе 453 800 теңге айыппұлдың жалпы сомасының отыз пайызынан аспайтындай етіп қысқартып, 317 000 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда