jasqazaq.kz

Мопед жүргізушілеріне жаңа талаптар қойылады

17 сәуiр 2024, 15:34

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында мопед жүргізушілердің жүгенсіздігін тежейтін өзгерістер талқыланып, «Жол жүрісі туралы» заң бірінші оқылымда мақұлданды.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышялева: «Заң жобасы көліктің осы түрінің қозғалысын реттеу жөніндегі жұмыстың жалғасы саналады. Себебі мопедтердің көбеюі жолдарда олардың қозғалысын реттеуді қажет етеді. Қазір мопедтер арзан көлік түрлерінің бірі. Мопедтердің көбеюі де жолдардағы көлік апаттарына әсер етеді. Тек 2023 жылы апат саны 750 болды, бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп», — деді.

Заң жобаларында:
— қозғалтқыш көлемі 50 текше сантиметрден кем мопедтерді мемлекеттік тіркеу;
— мопед жүргізушіне қойылатын талаптарды белгілеу;
— жергілікті атқарушы органдарға электр самокаттарды пайдалану тәртібін айқындау бойынша құзырет беру;
— жол қауіпсіздігін цифрландыру бойынша нормалар ұсынылды.

1Сонымен қатар, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің аясында рұқсат етілген жылдамдықты әлдеқайда асырып жүретін адамдардың жауапкершілігін күшейтуді ескерілген. Мұнымен қоса, мопед жүргізушісін механикалық көлік құралдары жүргізушімен теңестіру қарастырылған», — деді депутат.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?