jasqazaq.kz

Мөлдір Анарбаева: Көрінген қатынның сандырақ насихатын тыңдамаңыз (Видео)

13 қантар 2024, 12:22

Блогер Мөлдір Анарбаева қоғамдағы дерт жайлы пікірін әлеуметтік желіге жариялады.

«Ортаны ұстай алмай келеміз. Оқығаннан да оқымағаннан да діншілден де дінсізден де қорқамыз. Қазақтың өзіне тән сенімін бұзғандардың атасына нәлет! Жеті шелпек тарату, арулап көму, жоқтау, қырқына дейін құран оқытып тұру тағысын тағы… жойып барады…
Осындайға түгелдей қарсы шығып өз “моральін” тықпалаған бейшаралар қаптады. Дін сенің дәстүріңмен сабақтасуы керек!
Дұрыс түсініңіздер! Мен намаздағы, орамалдағы адамға қарсы емеспін! Үйімде де ортамда да ондай адамдар бар. Құрметтеймін! Мен ұлттық құндылықтарды жоюға, ата-бабаның жолын жөн санамайтын лаққандарға қарсымын! Сондай ақ көрінген көк аттының өз түсінігіндегі діни сенімін көпшілікке тықпалауына қарсымын! Оған Құдай да ондай құқық берген жоқ! Өз “моральін” тықпалап, жастарды улап жүрген насихатшылар заңмен қудалануы керек! Әке-шешесін мойындамай ұлы “ұстаз” тауып, адамға табынып жүрген талай жасты көрдік.
Жастар біліммен емес дінмен алысып кеткені қуанарлық жағдай емес!!!
Көрінген қатынның сандырақ насихатын тыңдамаңыз! Әсіресе жастардың ілім қуып ел болашағын ойлайтын кезінде тап-таза миы су болып, қуығына суық тигізіп дәретімен алысып жүр. Өлсеңіз де рас! Сіздің рухани жеке әлеміңізге ешкімнің кірмеуі керек. Құдай тек дінде, — деген қате ұғым. Ол тек қана арапша түсінеді деген миға қонымсыз. Реалист болыңыз. Ешкімнің ала жібін аттамай, отбасыңызға адал, адам, қоғам, табиғатқа зиян келтірмей, қолдан келсе жақсылық жасаңыз. Есі дұрыс адам осыны ұғу керек. “Сен дін туралы сөйлемей ақ қойшы!», -деп шығатын қумаштар бар. Сен де сөйлеме! Қоғамды ластама! Әр ұлттың тәрбиесі, салты ғана өз ұлтын сақтап қалады.

“Ел боламын десең бесігіңді түзе», — деді ол.

 

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?