jasqazaq.kz

Мирзияев Ислам Кәрімовты сынаған телеарна басшысын жұмыстан қуды

04 тамыз 2017, 17:14

Шавкат Мирзияев Ислам Кәрімовты сынағаны үшін Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясның басшысы Хуршид Мирзахидовты жұмысынан босатты, деп хабарлайды Sputnik Uzbekistan интернет басылымы.

Басылымның мәліметінше, Хуршид Мирзахидовтың жұмыстан қуылуының басты себебі «Өзбекстан-24» телеарнасындағы «Тахлилнома» бағдарламасының эфирінде Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтың жүргізген саясатын сынайтын сюжеттің көрсетілуі болуы мүмкін.

«Тахлилнома» бағдарламасының скриншоты.

Хуршид Мирзахидовтың орынынан алынып тасталатыны жайында тамыздың 2-сі күні белгілі болған. Бірақ оның жұмысынан босатылғаны жайындағы ресми мәлімдемені Шавкат Мирзияев тамыздың 3-і күні жасаған. Сол күні Хуршид Мирзахидовтың есімі телеарна сайтынан алынып тасталған. Хуршид Мирзахидов Өзбекстан ұлттық телерадиокомпаниясының басшысы болып 2017 жылдың ақпан айында тағайындалған. Ал наурыз айында Шавкат Мирзияев бұқаралық ақпарат құралдарын ел билігін, қоғамда болып жатқан өткір мәселелерді сынауға шақырған болатын.

qazaqtimes.com

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда