Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовқа келіншегімен бірге дуэт орындауға кеңес берді.
Желі қолданушылары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің домбырамен ән салғанына қарап, талантына тәнті болғандарын жарыса жазып жатыр. Көпшілік дәстүрлі әншінің жұбайының өнерге жақын екенін білмеген-ді.
Отандық бағдарламалардың біріне арнап әнші мен келіншегі “Жалғыз аққу” әнін домбырамен орындаған болатын. Сөз арасында Фарида Айниязова жолдасымен мүлдем ренжіспейтінін, оны “сұлтаным” деп атайтынын айтқан-ды. Тыңдармандардың арасында видеоны жалғасын сұрағандар да болды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.