jasqazaq.kz

Министрлік өкілдері «Бек Эйр» ұшағының ұсталуына қатысты түсінік берді

18 мамыр 2017, 19:17

Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Астанада әуежайында «Бек Эйр» ұшағының ұсталуына қатысты түсінік берді.

«2017 жылдың 17 мамыр күні сағат 17.15-те (UTC) тіркеу нөмірі UP-F1009 Фоккер-100 әуе кемесі, БЕК2013 рейсімен «Бек Эйр» АҚ эксплуатанты Астана-Ақтөбе бағыты бойынша ұшпақшы болған. Ұшақ Астана әуежайынан көтерілгеннен кейін экипаж сол жақ негізгі шасси тағанын алып тастамағаны жайлы белгі беріп, әуежайға қайта оралу туралы шешім қабылдады. Әуе кемесі сағат 17.49-да (UTC) әуежайға қайта аман-есен қонған. Әуе кемесінің бортында 6 экипаж мүшесі, 108 жолаушы болған», — делінген хабарламада. Сондай-ақ, авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 828 қаулысымен бекітілген Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидасының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында болған әуе кемесінің авиациялық оқиғасын тексеру жөніндегі комиссия тексеретіні айтылады. Комиссияны құруға бастапқы хабарлама негіз болған. «Бек Эйр» компаниясының өкілінен авиациялық оқиға жайлы алғашқы мәлімдеме Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне келіп түскен. «Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 276 бұйрығымен аталмыш оқиғаны тексеру жөніндегі комиссия тағайындалды. Тексеру қорытындыларын қосымша хабарлайтын боламыз», — дейді министрлік өкілдері. Еске сала кетейік, осыған дейін құқық қорғау органдары мен көлік прокуратурасының өкілдері Астана әуежайында «Бек Эйр» ұшағын тоқтатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне «Бек Эйр» әуе компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Жұмасұлтанов хабарлаған еді. Оның айтуынша, ұшақ «Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу» (ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы) бабы бойынша жүргізілетін қылмыстық іске байланысты тоқтатылған.

Tengrinews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда