«Милан» клубы «Реал» сұрмергені Криштиану Роналдуға қызығушылық танытып отыр.
Sky Sport Italia мәліметінше, «Милан» өкілдері Роналдудың агенті Жорже Мендешпен келіссөздер жүргізген. Олар агенттен портуғалиялықтың жаңа жерге ауысатын ойы бар ма? немесе Роналду «Реалдан» кетемін деген күні ескертуін сұраған. Мендешпен «Реал» бас директоры Марко Фассоне мен клубтың спорттық директоры Массимо Мирабелли келіссөз жүргізген. Сайт мәліметінше, «Миланның» Роналдуды сатып алу ойы қаншалықты ойға қонымды екені белгісіз. Биыл жазда Роналдудың «Реалдан» салық мәселесі үшін клубтан кететіні туралы ақпараттар шыққан. Алайда Криштиану Роналду таяуда «Реал» президенті Флорентино Переспен телефон арқылы сөйлесіп, клубтан кететін ойы жоқ екенін жеткізген.