jasqazaq.kz

Мерзімінен бұрын пайдалануға беріледі

13 маусым 2017, 12:34

Садовый селосындағы ұзындығы 11 шақырым су құбырларының жүйесі әбден тозып, алты жүзге жуық тұрғын ауызсудан тарығып келді. Осы орайда, бюджеттен 229 миллион теңге қаржы бөлініп, аталмыш жүйе қалпына келтірілуде.

Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Айтқабыл Серкебаевтың айтуынша, бұл жұмысты көкшетаулық «Инсект» серіктестігі мамыр айында бастап, желтоқсанда аяқтауға тиісті болатын. Үш бригаданың күні-түні еңбектенуінің арқасында нысан тамыз айында пайдалануға берілмек. Серіктестіктің прорабы Өсербай Салықпаев өз сөзінде барлық жұмыстың 80 пайызы атқарылғанын айтты. Екі ұңғыма бұрғыланып, суға қысым беретін мұнара тұрғызылды. Тас қалаушылар Мағжан Зәкіриянов пен Марат Молдашев, дәнекерлеуші Владимир Шилков өз еңбегімен көзге түсіп жүр. Жергілікті селолық округ әкімі шеттен келген құрылысшылар үшін барлық жағдайды жасауда.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда