jasqazaq.kz

Мерекенің мерейін тасытқан шара

13 тамыз 2017, 12:01

Көкшетау қаласында тұңғыш рет халықаралық жастар және құрылысшылар күніне арналған, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен Қопа көлінің жағасында «OpenAir» шоу концерті өткізілді.

Қос мереке ерекше мазмұнды әрі айрықша көңілді шара болды. Тұңғыш рет өткізілгендіктен бе екен, қала тұрғындары мен жастар және құрыш қолды құрылысшылар мейлінше көп болды. Қызғылықты шара барысында ағымдағы жылдың 3-9 тамызы аралығында жұмысшы жастар арасында өткен «Таланттар алаңы-2017» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Осы күні көкшетаулықтар қазақстандық эстра жұлдыздары Әли Оқапов, «Алау», «Аюми», «VoxAcapella» және «Ziruza» топтарының концертін тамашалады. Әсіресе, жас, талантты әнші Әлидің көкше жастарына ән шырқауы тыңдармандарға тосын сый болды. Заманауи әндерімен жастардың жүрегін жаулаған өзге әншілерде Қопа көлінің жағасын әсем әнге бөледі.
Айталық, осынау жұлдыздарды өңірдегі құрылыс компаниялары кәсіби мерекесіне арнайы шақыртқан. Концерттік бағдарлама соңы «Dj Soulia», «Dj Green» және «Dj Kramp» жастар дискотекасы мен мерекелік от шашуға ұласты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда