jasqazaq.kz

Мерекені бұзған қара қатын

07 наурыз 2018, 19:26

Автобуста екі әйелдің әңгімесіне еріксіз құлақ түрдім:
— Ойбу! – деп мұрны делдиген қара қатын бетін шымшыды. – Сонда сен немене, жиырма жыл бойы әлпештеп өсірген қызыңды жолай кездескен сол еркекке айырбастап жібердің бе? – Сары келіншекте үн жоқ. Қып-қызыл болып, қара мес қатынды тыңдап отыр. – Ойбай-ау, саған оның шынымен жаны ашыса анау төрт бөлмелі үйін бұрынғы қатыны мен баласына емес, саған бермей ме? Онсыз да пәтер жалдап жүрген сен бейшараның қолына кіріп алып, қарашы, а?!. Құдай біледі дейін, үйіңе бір зат та әкелмейтін шығар?! Құдайшылығыңды айтшы, дастарқаныңа бірдеңе әкеле ме? – Мес қатынның ашуы бұрқырап, делдиген екі танауынан бу шығатындай болды.
— Әкеледі ғой…- деді сары келіншек ақырын ғана.
— Не әкеледі?
— Балық, тауық әкеледі…
— Әй, ол балық, тауық әкелсе өзі жегісі келгесін әкеледі! Сол балық пен тауықты саған қуыртады ғой! Саған қуыртып жеу үшін әкеледі! Өз басын асырай алмай далбасалап жүрген еркек қой ол! – деп қара қатын өзінің «тапқырлығына» өзі масаттанғандай риза болып бір тоқтады.
Одан кейін-ақ, құлағымды тарс жауып, ойға баттым. Әйелдердің табиғатын дәл сипаттайтын Хадис бар еді. «Әйелдер мың жақсылығыңды ұмытады, бір жамандығыңды еш ұмытпайды. Ол — қолыңнан бір іс келмей қалса, «түу! Өмірімде сенен жақсылық көрмедім ғой»,- дейді екен.
Қара қатынның әңгімесінен еркектен зәрезап болып, өмір бойы жақсылыққа жарымаған бейшара әйелді көрдім. Әу баста бүгінгі әйелдер мерекесі құрметіне мен де балық пен тауық алармын деп ойлағам. Өзімнің жегім келіп, жеңсігім ұстағаннан емес. Дастарқанды жайнатып, шаңыраққа мерекелік ырыс әкелсем деген тілек болып еді. Енді ол ойдан оп-оңай айныдым. Ал айналамдағы әйел қауымын мейраммен құттықтауға тағы да қорқып қалдық. Мес қатынның біреуі: «Бұл күнді өздерің тойлап, ләйліп жүрулерің үшін ойлап таптыңдар! Далбасалама!» десе, не деймін?!. Әй, қойшы! Әр күндерің мейрам болсын, әдемі жандар!

Тоқтар Жақаш

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен